21:04, 29 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Түменде соғыс кезіндегі рельстерден жасалған 60 тонналық ескерткіш ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қыркүйекте Түменде теміржолшылардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесіне арналған мемориалдық кешеннің ашылуы өтеді.
Биіктігі алты метрден асатын 60 тонналық ескерткіш рельстерінің ұзындығы бір шақырымды құрайды, ал бөліктердің жалпы саны - 3 мың данадан асады, деп жазады INTERFAX.RU.
Ескерткіш Свердловск темір жолының тапсырысымен тұрғызылды.