Түн жамылып кірпіш ұрлаған қарағандылықтар видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Қарағандыда түн жамылып машинадан кірпіш ұрлаған екі азамат жайлы видео пайда болды.

Түн жамылып кірпіш  ұрлаған қарағандылықтар видеоға түсіп қалды

Instagram  әлеуметтік желісінде shock_krg парақшасында жарияланған видео авторының мәліметінше, оқиға Төлепов көшесінде болған.

Видеода екі ер азаматтың түнгі уақытта жол жиегінде жатқан кірпіштерді көліктеріне тасып жатқандығы көрсетіледі. Жол бойынан басқа көліктер өткен уақытта ұрылар өз машиналарының артына жасырынған. Артынша қайтадан кірпіштерді көліктің салонына және жүк салғышына тиеуге кіріседі. 

Публикация от Караганда (@shock_krg) Авг 12 2017 в 10:44 PDT