Түнде елордалық мектептің акт залы өртке оранды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түнгі бірлер шамасында Астана қаласының Алматы ауданында № 29 орта мектептен өрт шықты.

Түнде елордалық мектептің акт залы өртке оранды (ФОТО)

«Оқиға орнына жеткен өртке қарсы қызмет қызметкерлері жалын екінші қабаттағы мәжіліс залында тұтанғанын анықтады. Тілсіз жау төбе мен шатырды шарпыған. Бастапқы мәлімет бойынша, өрттен зардап шеккен жалпы алаң - 500 шаршы метр», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Р. Иманқұлов.

Оның айтуынша, жалын 02.17-де оқшауландырылып, 03.14-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 59 адам, 16 техника тартылды», деді ол.

null