Түнде Орал қаласындағы вагонжөндеу депосында ірі өрт болды

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін түн ортасында Орал қаласында «ҚазТемірТранс Орал вагонжөндеу депосы» АҚ-ға тиесілі вагонжөндеу депосында ірі өрт болды.

Түнде Орал қаласындағы вагонжөндеу депосында ірі өрт болды

ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, вагонжөндеу депосында ангардың және жабық жүк вагонының шатырлары өртенді. Жалын 800 шаршы метр аумақты шарпыды.

Құтқарушылар анықтағандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 4 сағаттан кейін сөндірілді. Жалынмен ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 30 адамы мен 9 техникасы күресті.