Түнде үш автобус өртеніп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанда Дюртюлинск ауданындағы Иванаево елді мекенінде 26 наурызға қараған түні бірден үш жолаушылар автобусы өртеніп кетті.

Түнде үш автобус өртеніп кетті

Бұл оқыс оқиға жайлы 00:05-те кезекші диспетчерге хабарлаған. Жарты сағаттан соң тілсіз жау ауыздықталды.

Әзірге өрттің не себепті орын алғаны белгісіз және зардап шеккендер жайлы деректер жоқ, деп жазады informing.ru.