Түнгі ауысым әйел денсаулығына қауіпті
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Түнгі мезгілде жұмыс істейтін әйелдер қатерлі ісік қаупіне төзімсіз адамдар тобына жатады. Даниялық обыр қоғамы 18 500-ден астам әйелдің мәліметін талдау нәтижесінде осындай қорытындыға келді.
Бұл туралы Алаш айнасы газетіне сілтеме жасап, BNews.kz хабарлайды.
The Daily Mail-дың хабарлауынша, қоғамдық бірлестік 1964-1999 жылдары әскери мекемелерде қызмет еткен әйелдердің денсаулығын тексерген. 1990-2003 жылдары олардың 218-інен қатерлі ісік белгісі анықталыпты. Талдаудың нәтижесінде обырға шалдыққандардың 40%-ының түнгі ауысымда жұмыс істейтіні белгілі болды. Аптасына түнгі ауысымда екі рет жұмыс істейтін әйелдердің ауру көрсеткіші екі есе жоғары болып шықты. Ғалымдардың айтуынша, бұған ағзаға жасанды жарық пен ұйқының қалыпты кестесінің бұзылуы себеп. Бұл факторлар қатерлі ісікті болдырмайтын мелатонин затының өнуіне кедергі келтіреді.