«Түнгі қаладағы балалар» акциясының барысында 4 мыңға жуық тәртіп бұзушылық анықталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағымдағы жылдың 18-26 сәуір аралығында республика аумағында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы өткізілді.
None
None

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей,акцияның мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болуына жол бермеу болып табылады.

Акцияны өткізуге 14 мыңнан астам адам, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, сот, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, ата-аналар комитетінің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП жастар қанаты филиалдарының өкілдері жұмылдырылған.

«Түнгі қаладағы балалар» акцияны өткізу кезеңінде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылыққа бағытталған 10 мыңнан астам дәріс республиканың білім беру мекемелерде өткізілді.

Түнгі уақытта 5 мыңнан астам ойын-сауық мекемелер тексерілді, оларда кәмелетке толмағандардың болуына 203 факт және тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болуымен байланысты 4007 құқық бұзушылық анықталды. Ойын-сауық мекемелердің иелері мен анықталған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қорытынды кезеңде, ағымдағы жылдың 25-26 сәуір аралығында ІІД, КІІД, ІІБ, қалалық, аудандық ішкі істер органдары базасында әкімдіктердің, соттардың, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, қамқорлық және қорғаншылық органдарының, ата-аналар комитеттерінің, «Нұр Отан» ХДП жастар қанаты филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ мектеп және колледж директорларын шақыра отырып, бірлескен кеңестер өткізілді, акцияның қорытындылары қаралып, оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес органдар мен ведомстволардың өзара іс-қимыл жасасуының тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар әзірленді.

Соңғы жаңалықтар