Түнгі клубта атыс болып, 15 адам жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Майамиде (Флорида штаты) түнгі клубтардың бірінде оқ жаудырды. Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, 11 мен 25 жас аралығындағы 15 адам жараланған.

Түнгі клубта атыс болып, 15 адам жараланды

Бұл келеңсіз жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары оқ атқандардың қанша адам екендігін, неліктен түнгі клубта жасөспірімдер мен балалардың көп болғандығын білмекке әрекет жасауда. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің сөздеріне қарағанда, жараланғандардың бірінің жағдайы аса ауыр.