Түнгі өрттен 50 жастағы елордалық опат болды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Астана қаласының автоматика ауылындағы 16 пәтерлік 2 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Түнгі өрттен 50 жастағы елордалық опат болды

Өрт бүгін түнгі сағат 2:40-та 2-ші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бригадасы 10 адамды, оның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге көшіріп, тілсіз жаудың бетін 20 минуттың ішінде қайтарды. Өкінішке орай 5 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау 50 жастағы азаматтың өмірін жалмады.

Дәл осыған ұқсас оқиға таңға жақын Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында да орын алды. Қаланың Республика даңғылы бойында орналасқан 5 қабат үй пәтерлерінің бірі өртке оранды. Шұғыл арада оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметі 15 адамды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Дегенмен, өрт салдарынан 67 жастағы зейнеткер о дүниелік болды.