«Түнгі студияны» құрттым, қарамаңыздар - Денис Тен

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түнгі студия» эфирін құрттым, деді танымал спортшымыз Денис Тен twitter-дегі жеке парақшасында.

«Түнгі студияны» құрттым, қарамаңыздар - Денис Тен

«Түнгі студия» эфирін (бағдарламасын-ред.) құрттым. Бағдарламаны көрсететін уақыт жақын күндері белгілі болады. Бірақ, оны көрмеңіздер. Көрген адамның санасы бұзылады», - деді Денис Тен. ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен бұл жерде әзілдеп айтты ма, рас айтып отыр ма, ол жағын ашып жазбаған. Алайда, оның жеке парақшасына пікір қалдырушылар спортшының осы сөзінен кейін бағдарламаны көруге ынтық бола түскендерін жазған. Әлеуметтік желіні қолданушылардың арасында бірі «Сен, халықтың еркесісің, саған бәрі де жарасады» деген де пікір қалдырған.