Тұңғыш араб спутнигі 2018 жылы ұшырылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктері 2018 жылы жазда өзінің алғашқы спутнигін ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
«Келер жылы Әмірліктер фототүсірілімдерге арналған Khalifa-Sat спутнигін ұшырады, оны толығымен араб инженерлері жасап жатыр. Меніңше, ол 2018 жылдың жазында ұшырылады», - дейді БАӘ Ғарыш агенттігінің бас директоры Мухаммед Насер аль-Ахбаби.
Ол БАӘ спутник жасау саласында шетелдермен, соның ішінде Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық орнатқанын жеткізді.