Тұңғыш Ертіс маңы Сабантойына Татарстан басшысы қатыспақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Ертіс маңы Сабантойы Абай облысында өтеді. Мерекеге Татарстан басшысы Рустам Минниханов та қатысады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұңғыш Ертіс маңы Сабантойына Татарстан басшысы қатыспақ

Осы орайда Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Василь Шайхразиев пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Сабантойды ұйымдастыруды талқылады.
Кездесу барысында Нұрлан Ұранхаев Қазақстан мен Татарстанды бұрыннан іскерлік және мәдени қатынастар байланыстырып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, инвестициялық жобалар іске асырылуда.
«Татарлар мен қазақтар - туған ағайындар, бізде ортақ көп нәрсе бар. Біз әртүрлі саладағы қазақстандық әріптестеріміздің озық тәжірибесін әрқашан қабылдаймыз. Мұнда екі жүз мыңнан астам татарлар бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Сондықтан алғашқы Ертіс сабантойын өткізу біздің халықтарымызды одан әрі жақындастыра түседі», - деп атап өтті кездесуде Василь Шайхразиев.