Тұңғыш мұсылман ғарышкер-әйел өз сапары туралы кітап шығарды
СТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Palgrave Macmillan баспасы Анюшэ Ансари мен Хомер Хикэмнің «Жұлдыздар туралы арманым: Иран қызынан ғарыш пионеріне дейін» (My Dream of Stars: From Daughter of Iran to Space Pioneer) атты кітабын басып шығарды,
деп хабарлады «Космонавтика жаңалықтары» сайты.
Естеріңізге сала кетейік, құрамына Михаил Тюрин, Майкл Лопес-Алегриа және Анюшэ Ансари кірген «Союз ТМА-9» ғарыш кемесінің экипажы 2006 жылы қыркүйектің 18-інде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған болатын. Шыққан тегі ирандық американдық Анюшэ Ансари ханым сөйтіп ғарышқа ұшқан алғашқы турист әйел және ғарышта болған алғашқы ирандық атанды. Халықаралық ғарыш стансысында болған сегіз күнде Ансари бірнеше ғылыми тәжірибе жасады. Ол сондай-ақ ғарыш сапары кезінде өз блогын жүргізген алғашқы адам болды.