Тұңғыш Президент кеңсесіне бөлінетін қаржы 130 млн теңгеге қысқартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесіне бөлінетін қаржы 130 млн теңгеге қысқартылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент кеңсесіне бөлінетін қаржы 130 млн теңгеге қысқартылады

«Нақтыланған бюджет аясында ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінен шамамен 130 млн теңгені қысқартатын боламыз. Қаражат 1-1,5 млрд теңгесі шамасында бөлінген. Содан шамамен 130 млн теңгені алып тастаймыз. Бұл тек осы жылға ғана», - деді Дәурен Темірбеков Сенатта 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылаудан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, 15 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған еді.