13:31, 18 Наурыз 2020 | GMT +5
Тұңғыш Президент қоры коронавируспен күреске 200 млн теңге бөледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент қоры төтенше жағдайдағы халықты қолдау үшін 200 млн теңге бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаевқа сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш Президент қоры коронавирус инфекциясымен күреске және төтенше жағдай кезінде халыққа қолдау көрсету үшін 200 млн теңге бөледі», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Nur Otan партиясы жалғызбасты қарттар, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға көмек ретінде 150 млн теңге бағыттаған еді.