Тұңғыш Президент күні Қазақстанда қандай шаралар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Тұңғыш Президент күні Қазақстанда қандай шаралар өтеді

АСТАНА

10.00-де №2 қалалық көпсалалы емханада Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов 1 желтоқсанда дүниеге келген нәрестелерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды.

10.00-де «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтеді. 

15:00-де «Nomad city hall» концерт залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Жаңа дәуір - жарқын болашақ!» атты мерекелік концерт өтеді.

17.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Мөлдір Әуелбекова, Мейрамбек Беспаев, Төреғали Төреәлі және Райым Уайыс брифинг өткізеді. Онда Мөлдір Әуелбекованың шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған «Туған ел» концерті туралы толық мағлұмат беріледі.

17.00-де «Барыс» ХК - «Автомобилист» ХК командалары арасында 2018-2019 маусымның ҚХЛ чемпионаты болады.

Сондай-ақ, 17.00-де «Астана» концерт залында «Елімнің жүрегі - Астана» атты концерт басталады.

18.00-де «Астана Балет» театрында заманауи балет кеші өтеді.

19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Тұңғыш Президент күніне орай қазақ эстрадасының танымал әншісі Мөлдір Әуелбекованың «Туған ел» атты концерті өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де қаланың барлық аудандарында ҚР Тұңғыш Президенті күні тойланады.

ШЫМКЕНТ

14.00-де Бейбітшілік көшесіндегі №6 үйде жаңа аулалар ашылады.

16.00-де Шымкент қаласындағы Орыс драма театрында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтеді.

19.00-де Бейбітшілік көшесінде Жаңа Арбат ашылады.

ТҮРКІСТАН

10.30-да Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Мәдениет орталығында Тұңғыш Президенті күніне арналған   салтанатты шара өтеді. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және зиялы қауым өкілдері қатысады. Осыған орай, Шымкент қаласындағы облыс әкімдігінің өкілдігі маңынан арнайы көлік жүреді.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

09.30-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Жаркент қаласында Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Ұлы жебе» мемориалдық кешенінің ашылуы өтеді. Шара ғылыми-практикалық конференцияға ұласады.