Тұңғыш Президент күнінде Астанада 60 сәби дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2014 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде Астанада 60 сәби дүниеге келді, соның ішінде 27 ұл, 33 қыз. Перзентхана қызметкерлері аналар мен сәбилерді құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Аналарға сәбиді күтуге арналған заттар берілді, деп хабарлайды astana. kz.
Елордада туу көрсеткіші ұлғайып келеді, бұл Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының артуы мен елімізде демографиялық жағдайдың жақсарғанының белгісі болып табылады.
Еске салайық, өткен жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президенті күнінде Астанада 50 сәби туылған болатын, соның ішінде 25 қыз бен 25 ұл.