Тұңғыш Президент күніне орай 1 мың елордалық отбасыға азық-түліктер таратылады

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінде елордада  тұрмысы төмен 995 отбасы тұрады, олардың 199-ы тұрақты түрде атаулы көмектер алады.

Тұңғыш Президент күніне орай 1 мың елордалық отбасыға азық-түліктер таратылады

Тұңғыш Президент күніне орай тұрмысы төмен барлық отбасыларға азық-түлік қалталары үлестірілетін болады, деп хабарлайды «Байтерек» халықаралық баспасөз орталығы.

«Жиынтыққа  50 келі картоп, 25 келі күріш, 5 келі қант пен  5 литр күнбағыс майы енгізілген.  Барлық азық-түлік тағамдары  қарашаның 28-інен  30-ына дейін аталған отбасылардың үйлеріне апарып беріледі»,  - деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуова.