Тұңғыш Президент мұражайында «Бақытты балалық шақ» зертханасы ашылды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған «Жанды тастар» арт-терапия жөніндегі жыл сайынғы семинардың аясында бүгін Тұңғыш Президент мұражайында «Бақытты балалық шақ» екікүндік шығармашылық зертханасы ашылды,

Тұңғыш  Президент   мұражайында  «Бақытты балалық шақ»   зертханасы  ашылды

деп хабарлады мұражайдың баспасөз қызметінен.

«Бақытты балалық шақ» шарасы - арнайы күтімге, әлеуметтік қорғауға мұқтаж балалардың проблемаларына қоғамның назарын аударудың бір жолы болып табылады.

Шараны Тұңғыш Президент мұражайы, «Астана қаласы мүгедек балалар қоғамы» бірлестігі, «Балам-ай» балаларды дамыту орталығы, «Океан-Арт» арт-терапия шығармашылық орталығы. Зертхана аясында балалар жұмыстарының арнайы көрмесі және ескерткіш сыйлықтар әзірленуде.