Тұңғыш Президент мұражайында көшбасшылық пен тұлғаның қалыптасу мәселелері талқыланды

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында «Көшбасшылық және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Жиын ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орайластырылып отыр.

Тұңғыш Президент мұражайында көшбасшылық пен тұлғаның қалыптасу мәселелері талқыланды

Шараға Мәжіліс депутаттары, Қазақстандағы Әзірбайжан, Украина елшіліктерінің өкілдері, Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласы әкімшілігінің қызметкерлері, ғылыми және педагогикалық қауымдастықтың, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Еске салсақ, Тұңғыш Президент Мұражайы жалпымемлекеттік үдерісте қазақстандық патриоттық тәрбие беру, қызметтің барлық саласында әлеуметтік бейімделу мен шығармашылық жағынан өзін-өзі танытуға қабілетті тұлға қалыптастыру секілді қызметті жүзеге асырады. Бұдан бөлек, мұражай өз қызметінде Елбасының лидерлік феноменін зерттеу мен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін насихаттау аясында мұражай педагогикасы бағыттарын кеңейтуге де ерекше назар аударады.

«Жастарға қаратып айтылған сөзінде Елбасы: «Бүгінгі таңда өзінің мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыру үшін жастарға көп жағдай жасалды. Ондайды біз жас күнімізде армандай да алмайтынбыз» деген болатын. Расында да, бүгінгі таңда талантын шыңдауға барлық мүмкіндіктер қаралды. Бүгінгі семинар барысында осы мәселелерге кеңінен талқылаймыз. Жалпы бұл тақырыптың ауқымы да маңызы да зор. Өйткені, еліміздің келешек сапалы дамуы да, оның өркендеуі де дәл осы кәсіби жастарға, адам капиталының нәтижесіне байланысты болмақ», - деді Тұғыш Президент Мұражайының директоры Алма Сағынғали.

Жиынға қатысушылар «Көшбасшылық және тұлға» аясында жүзеге асқан зерттеулер туралы пікірлерін ортаға салып, осы бағыттағы жобалардың қорытындыларын жария етті.