Тұңғыш Президент туралы фильм 2,5 млн. долларға түсiрiлдi - Р. Әбдiрашев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент туралы "Тығырықтан жол тапқан" фильмiнiң бюджетi 2,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде фильмнiң таныстырылымында киножоба режиссерi Рүстем Әбдiрашев мәлiм еттi.
"Фильмнiң индустриалдық сипатына қарамастан, оның бюджетi көп емес. Голливудта мұндай киноны қыруар қаржыға түсiрер едi. Бiрақ бiзде шамамен 2,5 млн. долларға шықты. Мұндай картина үшiн бюджет онша көп емес деп санаймын", - дедi режиссер.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, фильм көпшiлiк назарына 4 желтоқсанда жол тартады. Ал бүгiн, 1 желтоқсанда кино Елбасының назарына ұсынылмақ.