Тұңғыш Президентке «Халық қаһарманы» атағын беру тарихи шешім - сенатор Ж. Ерғалиев

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тұңғыш Президентке «Халық қаһарманы» атағын беру тарихи шешім.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беруді қамтамасыз ететін заңды талқылау барысында өз пікірін білдірген сенатор Жабал Ерғалиев осылай мәлімдеді.

«Замана мен дәуірдің қилы да аласапыранды «тар жол тайғақ кешулерінің» аумалы-төкпелі кезеңдерінен туған елін аман алып өту Елбасын толғандырып келді. Әлі де сол жайт Президентті толғандырады. Қай бір қатал да қаһарлы тажал ғасырлардың тауқыметін, қасіретін де, зардабы мен залалын да көп тартқан туған халқын 21 ғасырдың біз өмір сүріп отырған жаңа дәуірдің жақсылықтарына ілестіріп жіберсем деген арман мүддесі болды, Елбасында. Біз осыдан 20 жыл бұрын әлемге тәуелсіз ел болғанымызды батыл жариялаған соң, батыл қадамдарды жасауымыз керек еді. Соны жасаған бір ғана адам - ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев», - деді сенатор Жабал Ерғалиев.

Оның айтуынша, Тұңғыш Президент әлемнің жетекші саясаткерлерімен теңдей сөйлесе алатын әрі Қазақстан мүддесін ең алдыңғы орынға шығара білетін ерекше тұлға. Президент елімізді аса қысқа кезеңде әлемге таныта білді. «Қазақ елі мен оның Көшбасшысы Н. Назарбаевтың әлем алдындағы абыройының жоғары, беделінің асқақ, сөзінің өтімді, пікірінің пайымды қасиетін әлем түгел танып, бір ғана Қазақ мемелкетінің алдындағы ғана емес, адамзат өркениетінің алдындағы өрлігін әлем мойындап отыр. Біз бүгін Елбасының мәртебесіне арналған заңға өзгерістер енгізе отырып, ҚР Тұңғыш Президентіне «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдау арқылы барлық қазақстандықтардың ерік-жігерін, қалың елдің де тілегін орындаған болар едік. Біздің бұл шешіміміз тарихи шешім», - деді Ж. Ерғалиев.

Соңғы жаңалықтар
telegram