Тұңғыш Президенттің конституциялық мәртебесін оның жалпыға мойындалған Ұлттық Көшбасшы мәртебесіне теңестіру қажет

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тұңғыш Президенттің конституциялық мәртебесін оның жалпыға мойындалған Ұлттық Көшбасшы мәртебесіне теңестіру қажет.
None
None

Бүгін Елбасы мәртебесін заң деңгейінде бекіту туралы заң жобасын ұсыну барысында сөз сөйлеген депутат Әмзебек Жолшыбеков осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституцияға сәйкес Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі ҚР Конституциясымен және конституциялық заңнамалармен анықталады. Сонымен бірге, «ҚР Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңнамада Тұңғыш Президенттің негізгі құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Бірақ, осы заң Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы мемлекеттігін қалыптастырушының рөлін толық деңгейде айқындап бере алмайды. Бүгінгі күні Конституциялық заң нормасындағы Мемлекет басшысының саяси-құқықтық мәртебесін анықтау бөлігінде, Тұңғыш Президенттің конституциялық мәртебесін оның жалпыға мойындалған Ұлттық Көшбасшы мәртебесіне теңестіруде өзгерістер енгізу қажет етіледі. Н. Назарбаев -тек Президент қана емес бүгінгі мемлекетті - Қазақстан Республикасын қалыптастырушы», деді Ә. Жолшыбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадов, Светлана Ферхо және Әмзебек Жолшыбековтер бастамашылық жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар