Тұңғышбай Жаманқұлов: «Халық әртісі» деген атақты қайта жаңғырту қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов әртістерге мемлекеттік құрметті атақтарды бұрынғы жүйемен беруді ұсынды.

Тұңғышбай Жаманқұлов: «Халық әртісі» деген атақты қайта жаңғырту қажет

«Мәдениет пен өнер адамдары қашанда ел арасында беделді болып, халық сүйінішпеншілігіне бөлену үшін жанын сала қызмет етеді. Олардың бизнесмендер секілді ақшалары мен жиған-тергендері болмайды. Әртіс еңбектері жанып, атақ-даңқы еленіп жатса - олардан бақытты адам жоқ. Сондықтан осы мемлекеттік құрметті атақтарды бұрынғы жүйемен «Еңбегі сіңген әртіс» және «Халық әртісі» дегенді қайта жаңғыртып, оны өздеріне беру керек» ,- деді Т. Жаманқұлов.

Осы орайда ол бұл атақтардың қаржылай дүмпуі болмағанымен, әртістерге қатысты бұрынғы жүйені қайтару маңызды екенін атап өтті.