Тунис 17 қаңтарда жаңа үкіметке ие болады

Бұл туралы ел премьері Мохаммед Ганнуши мемлекеттік телеарнаның эфирінде мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Ертең біз, Тунис тарихының жаңа парағын ашатын жаңа үкіметті жария етеміз», - деді премьер өз сөзінде. Бұған дейін Ганнуши, коалициялық үкімет құру туралы оппозициялық саяси партиялардың ұсынысын қабылдаған болатын. Ол сондай-ақ, елдің барлық саяси партияларын коалициялық министрлер кабинетін жасақтауға атсалысуға шақырды.
Тунис парламентінің спикері Фуад Мебаза 15 қаңтарда мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы ретінде ант қабылдаған еді. Тунистің Конституциялық кеңесі мәлім еткендей, президенттік сайлау алдағы 60 күннің ішінде өтпек.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтарда Тунисте мемлекеттік төңкеріс болып, ел президенті Зин әл-Әбидин Бен-Әли Сауд Арабстанына қашып кеткен еді.