Тунис астанасында жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис астанасының орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметтерге қарағанда, жанкешті әйел қаланың адам көп жүретін жерлерінің бірінде жарылғыш затты іске қосқан.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, жарылыс Хабиб Бургиба даңғылындағы театр ғимаратының алдында болған.
Жарылыс болған аумақ қоршалып, қауіпсіздік күштері мен жедел жәрдем қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.