Тунис: мұражайға жасалған шабуылдан қаза болғандар саны 8-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунистің Ішкі істер министрі парламент ғимараты жанындағы Бардо мұражайы ғимаратына содырлардың шабуыл жасауы салдарынан кем дегенде сегіз адам ажал құшқанын хабарлады.

Тунис: мұражайға жасалған  шабуылдан қаза болғандар саны 8-ге жетті

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қаза тапқандардың ішінде жергілікті тұрғын біреу ғана, қалғандары - туристер.

Сондай-ақ, Тунис билігі кепілге алу фактісін растады. Жергілікті телеарналар қарулы адамдар көлікпен парламент ғимаратына басып кіріп, оқ жаудырған, деп жазады ria.ru.

Қазір парламент ғимараты орналасқан аумақ қоршауға алынды.