Тунис жағалауында босқындар мінген кеме суға батып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Африка елдерінің отыз бес мигранты із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың кемесі жұма күні Тунис жағалауында апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Италияның Бари порты құтқарылған 190 мигранттың Médecins Sans Frontières үкіметтік емес ұйымының кемесін қабылдауға келісті. Соңғы тәулікте 1500-ден астам заңсыз босқын Италия жағалауына жеткен.

Тунис билігі Еуропаға бара жатқан африкалық босқындардың тағы бір кемесін ұстағанын айтты. Ұлттық гвардия өкілі баспасөз мәслихатында бір тәулікте жағалау қызметі 2 034 мигрант ұстағанын, оның ішінде 9 Тунис азаматы, сондай-ақ 7 адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді. Құқық қорғаушылар тағы бір қайық апатқа ұшырап, бес адамның қаза тапқанын және 28 адамның із-түзсіз жоғалғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар