Тунисте екі пойыз соқтығысып, 30-дан астам адам зардап шекті

КАИР. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Тунис астанасы маңында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан кем дегенде 33 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Mosaique FM радиостансасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тунисте екі пойыз соқтығысып, 30-дан астам адам зардап шекті

Тунистің Ұлттық теміржол компаниясының мәліметінше, бейсенбіде пойыз құрамдарының бірі Мегрен стансасында тұрған алыс жол жүретін жолаушылар пойызымен соқтығысты.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Зардап шеккендердің барлығы алғашқы медициналық көмек көрсетілуі үшін дереу ауруханаларға жеткізілді», - делінген компания хабарламасында.

Арнайы құрылған комиссия апат жағдайлары мен себептерін, сондай-ақ оған кінәлі тұлғаларды анықтау үшін тергеу амалдарына кірісті.