Тунисте елдің бұрынғы президентінің туған-туыстары қамауға алынды

Оларға « тунис мемлекетіне қарсы қылмыс жасады» деген айып тағылып отыр. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарнасынан хабарлады. "Оларды нақты кімнің қамауға алғаны туралы және істің басқадай мән-жайы туралы әзірге ештеңе айтылған жоқ. Телесюжетте тек әлгілерден тәркіленген алтындар мен әшекейлер көрсетілген", - деп хабарлайды РБК агенттігі.
14 қаңтарда Тунисте мемлекеттік төңкеріс болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Президент Сауд Арабстанына қашып кетті. Ал 17 қаңтарда жаңа Тунис үкіметі жасақталып, Мохаммед Ганнуши өз премьерлік орнын сақтап қалды. Ал парламент спикері Фуад Тунис 15 қаңтарда мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы ретінде ант қабылдады. Тунистің Конституциялық кеңесі мәлім еткендей, президенттік сайлау алдағы 60 күннің ішінде өтпек.