Тунисте лаңкестік актісінен кейін төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис Президенті Бежи Каид эс-Себси сейсенбі күні орын алған лаңкестік оқиғасынан кейін ел аумағында 30 күнге төтенше жағдай режимі енгізілгені жайлы мәлім етті, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Сондай-ақ елде коменданттық сағаттың енгізілгені жайлы айтылды. Ол жергілікті уақытпен сағат 21.00-ден таңғы сағат 05.00-ке дейін созылады.

Сейсенбі күні Тунис астанасының орталығында президенттік күзетті тасымалдаған автобус жарылды. Ел билігі мұны лаңкестік деп атады. Ел президенті әкімшілігінің мәліметтеріне сәйкес, 12 адам теракт құрбаны болды, тағы 17-сі жарақаттанды.

Осыған дейін күш құрылымдарындағы ақпарат көзі Sputnik агенттігіне хабарлағандай, соңғы нұсқа бойынша лаңкес автобусқа жақындап келіп жарылғыш затын іске қосқан.

Президент Бежи Каид эс-Себси 25-26 қарашада Швейцарияға сапармен бару жоспарынан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар