Тунисте президенттік сайлау өтті
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Тунисте президенттік сайлау өтті. Берілген дауыстарды санаудың алдын-ала мәліметтері сайлауда елдің қазіргі президенті Зин Абдин Бен Әлди жеңіске жеткенін көрсетіп отыр.
Елдің Ішкі істер министрлігінің мәлім етуінше, Бен Әли қазірдің өзінде сайлаушылардың 90 пайыздан астамының дауысын алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап.
Биліктің басында 20 жылдан астам отырып келген президент Тунисте әділ сайлаудың өту мүмкіндігіне күмән келтірген құқық қорғаушы топтарды сайлаудың алдында қатты сынға алған болатын, деп хабарлайды Би-би-Си.