Тунисте ресми тіркелмеген мешіттер жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис билігі таяу уақытта Дін істер министрлігінің бақылауында жоқ барлық мешіттерді жаппақ, деп мәлімдеді елдің премьер-министрі Хабиб Эссид.
Сус курорттық қаласына жасалған қанды қырғыннан кейін Үкімет осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр.
Тунис билігі апта ішінде жалпы 80 мешітті жабуды жоспарлап отыр, деп нақтылады «Рейтер». Сус курорты - Тунистің жалпы ішкі өнімінің 15 пайызын беретін аймақ. Онда жасалған террорлық оқиға ел экономикасының жанды жеріне «балта шапқанмен» бірдей болды, дейді сарапшылар.