Тунисте тағы теракт болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі британдықтарға Туниске сапардан бас тартуды, ал демалып жатқандарға елден кетуді ұсынды.

Тунисте тағы теракт болуы мүмкін

Ведомствоның пікірінше, елде тағы бір террорлық шабуыл болу қаупі бар.

Би-би-си тілшісі туристер бұндай ұсыныс нақты жоспарланған шабуыл жайлы ақпарат негізінде емес, содырлардың тағы да шабуыл жасаудан тайынбай отырғандығынан жолданғанын айтады.

Сыртқы істер министрі Филип Хэммонд Тунис билігі курортты аймақтарда қауіпсіздік шараларын күшейткенмен, алайда, британдық биліктің пікірінше, туристердің қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге бұл әзірге жеткіліксіз екенін мәлімдеді.

Тунис билігі 26 маусымда орын алған шабуылдан кейін елге төтенше жағдай енгізетінін хабарлады. Онда 30 британдық, сондай-ақ Германия, Бельгия, Ресей, Тунис азаматтары шабуыл құрбаны болды.