Тунисте терроризм үшін өлім жазасы енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунисте терроризм үшін өлім жазасы кесілетін болды, деп хабарлады ақпараттық агенттіктер.
None
None

Үш күндік пікірталастан кейін Тунис парламенті көпшілік дауысымен заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады, ол сондай-ақ терроризмді жария ақтағандарды түрмеге қамауды, күдіктіні соттың санкциясынсыз 15 күнге дейінгі мерзімде қамауда ұстауды, адвокатқа қолжетімділікті көздейді, арнайы қызметтерге телефонмен әңгімелесулерді тыңдауды жеңілдетеді. Спикер Мұхаммед Эннасердің пікірінше, енгізілген өзгерістер азаматтардың өз қауіпсіздігіне сенімділігін арттырады. Еске сала кетейік, бір ай бұрын, 26 маусымда, қарулы қылмыскер Сус курорттық қаласында жағажайда демалып жатқан туристерге оқ атып, салдарынан 38 адам қаза тапқан. Бұдан бұрын, 18 наурызда 21 турист ел астанасындағы Бардо мұражайындағы атыстың құрбаны болды. Екі шабуыл үшін айып «Ислам мелмекеті» содырларына жүктеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар