Тунисте төтенше жағдай жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис билігі 38 адам құрбан болған Сусе курортындағы қонақүйге исламшылар шабуыл жасағаннан кейін бір аптадан соң ел аумағында төтенше жағдай енгізілетінін жариялады, деп хабарлады Би-би-си.

Тунисте төтенше жағдай жарияланды

Қауіпсіздікті күшейту жоспары аясында ел өкіметі туристік аймақтар мен жағажайларға әскерлерді шоғырландырды.

Тунис Президенті Беджи Каид Эссебси сенбі күнінен кейінірек ұлтқа үндеу жолдамақ.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өткен жұма күнгі шабуылды өз мойындарына алды, оның салдарынан 36 британдық, сондай-ақ Германия, Бельгия, Ресей және Тунис азаматтары құрбан болды.

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон жиһадшылар Батысқа үлкен қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді.