08:11, 21 Қаңтар 2011 | GMT +5
Тунисте үш күн аза тұтылады
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Президент Зин әл-Абидин бен Әлидің режімінің құлауына әкеген халық толқуында қаза тапқандарды еске алу мақсатында бүгін Тунисте Аза тұту үшкүндігі басталады,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Бейсенбі күні өткен ұлттық бірлестік үкіметінің бірінші отырысында осындай шешім қабылданды.
Ресми мәліметтер бойынша, бұқаралық толқудың нәтижесінде Тунисте 78 адам қаза болды, 100-ге жуық адам жараланды.
Тунистен жеткен тағы бір жаңалық - елдің уақытша өкіметі саяси тұтқындарға рақымшылық жариялады. France-Press агенттігінің ақпараты бойынша, республиканың уақытша басшысы, парламенттің бұрынғы спикері Фуад Мбааза жетекшілік ететін министрлер кабинетінің алғашқы отырысында осындай екі шешім қабылданды.