23:24, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
Тунистегі лаңкестікке қарсы шеруге Еуропа елдерінің басшылары да қолдау көрсетпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунисте лаңкестікке қарсы халықаралық шеру басталды. Оған ел тұрғындарымен қоса шетелдерден келген 10 мыңдаған адам қатысып жатыр, деп жазады 24.kz.

Ерекше шараға Франция президенті Франсуа Олланд пен Италия премьері Маттео Ренци де қосылып, қолдау көрсетпек.
Қаскүнемдердің қатыгез әрекеттеріне наразылық ұйымдастыруға таяудағы «Бардо» мұражайына жасалған шабуыл түрткі болған. Наурыздың 18-і күні болған жағаұстатарлық бұл жағдайдан 20-дан астам адам ажал құшып, 40 саяхатшы жарақат алған еді.
Айта кетейік, халықаралық шеру қарсаңында Тунис әскері лаңкестік оқиғаға қарсы операция жүргізіп, 9 экстремистің көзін жойғанын мәлімдеді.