Тунистегі мешітте намаздың орнына рэп қосып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунистегі мешіттердің бірінде жұма намазының орнына «Хумани» атты музыкалық композицияны қосып жіберген.

Тунистегі мешітте намаздың орнына рэп қосып жіберген

Регги мен рэптің қосындысы болып саналатын ән жарты минутқа ғана созылғанмен, көше жұрты мен намазға жиналғандарды елең еткізді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Дін істері бойынша министрлігі бұған техникалық қателік себеп болды деп ақталуда. «Хумани» әнінің авторлары - жергілікті рэп-әншілер Хамзауи Мед Амин мен Кафон. Тунис тілінен аударғанда бұл ән атауының мағынасы «кедей» деген мағынаны білдіреді. Бейнебаянның бюджеті аз болғанмен YouTube-қа жарияланғаннан кейін айналымы бірден арта түсіп, жергілікті халық арасында өте танымал болды.