Тунистің 21 жастағы азаматы мен 71 жастағы швейцариялық әйелдің үйленуіне сот қарсы болды
АСТАНА. қазАқпарат - Швейцария соты Тунистің 21 жастағы азаматы 71 жастағы қалыңдығын ұнатпайды деп шешкен. Тергеу қорытындысында, жас адамды тек, жергілікті азаматтықты алу мүмкіндігі қызықтырып отыр делінген.
Бұған қарсы шыққан әйел араларында қызықты сәттер, ортақ түсінік көп екенін айтты. «Екеуіміз де рэп тыңдауды, табиғатта серуендеуді жақсы көреміз», - деді ол.
Лента.ру-дың хабарлауынша, олар үш жыл бұрын ғаламторда танысқан, бірақ алғаш рет тек өткен жылы кездесіпті.
Швейцария заңдары бойынша, үйленіп жатқандар тұрғылықты жері бойынша өтініш беруі, одан кейін тексерістен өтуі тиіс. Бұл тексеріс барысында АХАЖ бөлімінің өкілетті қызметкері барлық қажетті құжаттарды қарастырады. Егер бәрі дұрыс болса, қағаздар сотқа шешім қабылдау үшін жіберіледі.