Тунистің бұрынғы президенті Зин бен Али инсульт алғаннан кейін денсаулығы күрт нашарлап кетті
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Тунистің бұрынғы президенті Зин бен Али инсульт алғаннан кейін денсаулығы күрт нашарлап, Сауд Арабиясы ауруханасында хал үстінде жатыр.
Бұл туралы Рейтер агенттігіне сілтеме жасап ИТАР ТАСС хабарлайды.
Бүгін ертемен британдық Би-би-си хабар тарату компаниясы бен Алидің инсульт алып, ес-түзсіз жатқанын хабарлаған болатын.