Тунистің жаңа уақытша президенті халықты бірлікке шақырды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Тунисте ел премьері Мохаммед Ганнуши кеше, 14 қаңтар күні ел президентінің міндетін уақытша атқаруға кірісті,

Тунистің  жаңа уақытша президенті   халықты бірлікке   шақырды

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Ұлттық телеарна арқылы тікелей эфирден сөйлеген үкімет басшысы, мемлекет басшысы Зин әл-Абидин бен Әлидің өз міндетін уақытша атқара алмауына байланысты, ел президентінің міндетін өз мойнына алатынын мәлім етті.

Ганнуши Тунис конституциясын сақтауға және желтоқсан айынан бері халықтың наразылық шараларынан көз ашпай отырған елде тәртіпті орнатуға уәде берді. Ол сондай-ақ елдің саяси күштерімен, оның ішінде партиялармен және азаматтық қоғамдармен кеңесе отырып, бұған дейін мәлім етілген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға да уәде берді. Ганнуши ел азаматтарын бірлікке және патриотизмге шақырды.

Тунис оппозициясы елде мемлекеттік төңкеріс болғанын мәлім етіп отыр. Бұл туралы BBC World News телеарнасына берген сұхбатында тунистік «Жаңару қозғалысы» партиясының жетекшісі Махмұд бен Ромдхан хабарлаған. «Келіп түскен соңғы ақпараттар бойынша, президент Зин әл-Абидин бен Әли билік басынан кетті, елде төңкеріс жасалды», - дейді ол. Дегенмен, . Махмуд бен Ромдхан, бұл ақпараттың шынайылығына сенімді емес екенін мәлім еткен.

Зин әл-Абидин бен Әли Тунисті 1987 жылдан бері басқарып келді.