Түпкілікті нәтижеге қол жеткізбеген бюджеттік бағдарлама басшысының тәртіптік жауапкершілігі болады - Е. Досаев
Атап айтқанда, заң жобасы бойынша министрлер мен облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін түйінді индикаторларды бекіту қарастырылады. Стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың жаңа форматын енгізу, бюджеттің орындалу туралы есепті ұсыну форматын өзгерту көзделеді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың дербестігін кеңейту және жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдарға шағын бағдарламаларды қоспағанда бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгертпестен дербес қайта бөлу құқығы беріледі.
«Бұл ретте бір бюджеттік бағдарлама шегінде инвестициялық жобалар және шағын бюджеттік даму бағдарламалары арасында бюджет комиссиясында қарамастан 10 пайыздан аспайтын, сондай-ақ бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауымен 10 пайыздан артық көлемде қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі беріледі. Бұндай құқықты беруге байланысты бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және бюджеттік бағдарламалар басшыларының тәртіптік жауапкершілігі енгізіледі», - дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.