Түпсіз тұңғиық үстіндегі қыдыру: арқанмен жүрушілер Виктория сарқырамасын бағындырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия мен Германиядан келген екі арқанмен жүруші Оңтүстік Африкадағы танымал Виктория сарқырамасының үстімен жүріп өтті.

Түпсіз тұңғиық үстіндегі қыдыру:  арқанмен жүрушілер Виктория сарқырамасын бағындырды

Аса қауіпті сәттерді ұнататын екі азамат тұңғиықтың үстінде тепе-теңдікті сақтай отырып, 100 метрлік қашықтықты артқа салды.Дегенмен олар сақтандыру белбеулерін қолдануды жөн санады, деп хабарлайды «Ресей 24» телеарнасы. Қауіпке толы көріністі тамашалаған жұртшылықтың таңданысында шек болған жоқ.

Барлығы аяқталған соң, жүрек жұтқан азаматтар алған әсерлерімен бөлісті. Олар сарқыраманы бағындыру қиынға соққанын, судың шашырауы мен шуы қимылдарын жинақтауға кедергі келтіргендігін мойындады.