«Тур Алматы-2017» велотуры кезінде жол қозғалысы шектеледі
Орталық Азиядағы ірі спорт додасы 30 қыркүйек пен 1 қазан арасында өтеді.
Жарысқа Франция, Әзербайжан, Иран, Малайзия, Өзбекстан, Қытай, Латвия, Украина, Жапония, Италия, АҚШ, Швейцария, Германия, Ұлыбритания елдерінен 20 команда қатысады.
Жарыстың бірінші кезеңінде 30 қыркүйекте сағат 9:00 - 10:40-де Төле би көшесінің бойымен Фурманов көшесіне дейін,Фурманов көшесінен жоғары Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев көшесінен Байзақов көшесіне дейін, Байзақов көшесінен Аба көшесіне дейін, Абай көшесінен Желтоқсанға дейін, Желтоқсан көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аймақта қозғалыс шектеледі.
Сондай-ақ сағат 10:40 - 11:00 - Шығыс айналма жолы - Индустриалды аймақ (Төле би көшесінен ШАЖ дейін, ШАЖ бойымен Әл-Фараби даңғылынан Индустриалды аймаққа дейін).
Сағат 11:00 - 14:30 - Индустриалды аймақ, 13:30 - 14:30 - Момышұлы бойымен «Алматы Аренаға дейінгі аймақ жабық болады.
Жарыстың екінші кезеңінде 1 қазан күні сағат 09:45 - 10:05 - Талғар тракты бойымен «Халық аренадан» басталатын жарысқа дейін, сағат 10:00 - 14:00 - Шығыс Айналма жолы бойымен - Тұңғыш Президент саябағы, сағат 12:40 - 14:40 - Достық даңғылы бойымен «Медеу» мұз айдынындағы мәреге дейін жол жабық болады.
«Қаланы, жарыс бағыттарын, логистиканы және жарысқа қатысушылардың қозғалыс сызбасын, алқалы бәйгеге дайындық барысын зерттей келіп, Орталық Азияда осындай спорттық жоба бойынша баламаның жоқ екенін толық сеніммен айта аламын», - деп атап өтті «Тур Алматының» техникалық директоры Пьер Хатсебаут.
Жарыс аясында жанкүйелер және барлық фанаттар үшін Astana Pro Team велоспортшыларымен 28 қыркүйекте спринтерлік жүгіру, конкурстар мен автограф-сессиялар ұйымдастырылады. 29 қыркүйекте командалар ресми таныстырылады және жарысқа қатысушылар ашық жаттығулар өткізеді.
«Мен бесінші, мерейлі жарыс өз мәртебесіне жетті деп ойлаймын. Велосипед қозғалысы Алматыда жақсы дамыған. Мұндай жарыстар қала үшін өте маңызды» - деді Қазақстанның велоспорт федерациясының вице-президенті Аманбек Кульчиков..
Айта кетерлігі, веложарыс «Eurosport» телеарнасы арқылы тікелей эфирден берілетін болады.