Тур де Франс-2016: «Астана» велокомандасының спортшысы мәреге үшінші келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саланшес пен Меджеве арасын жалғаған Тур де Франс көпкүндігінің 18-ші кезеңі таулы жеке есеп сынымен жалғасты.
Жалпы қашықтығы 17 шақырымға созылған кезең нәтижесінде «Астана» велокомандасының капитаны Фабио Ару Ричи Портпен бір нәтиже көрсетіп үшінші орын иеленді.
Жеңімпаз жейдесіне иелік еткен «SKY» командасының өкілі Кристофер Фрум берілген қашықтықты 30:43 көрсеткішімен жүріп өтіп, кезең жеңімпазы атанды. Фабио Ару одан 33 секунд артта қалды. Екінші нәтиже «Giant-Alpecin» шабандозы Том Дюмулиннің еншісінде. Кезең қорытындысымен «Астана» капитаны жалпы есепте сегізіншіден жетінші орынға көтерілді.
18-ші кезең нәтижесі:
1 FROOME, Christopher (SKY) 30:43
2 DUMOULIN, Tom (TGA) + 21
3 ARU, Fabio (AST) + 33
15 NIBALI, Vincenzo (AST) + 1:23
24 LUTSENKO, Alexey (AST) + 2:12
36 ROSA, Diego (AST)
39 FUGLSANG, Jakob (AST) + 2:37.
«Астана» командасының спорттық менеджері Дмитрий Фофонов алдағы екі таулы кезеңде Фабио Арудың жалпы есепте үздік үштіктің қатарынан көрінуге әлі де үміт бар екенін айтты.
«Фабио Арудың жеке есеп кезеңін жақсы нәтижемен аяқтайтындығына сенімді болдық. Алғашқы Тур де Франсына қатысып жатқан оған үздік нәтижеге қол жеткізу өте маңызды. Одан бөлек, Ару көпкүндіктің үшінші аптасына қарай нағыз бабына келеді. Сондықтан алдағы екі таулы кезеңде қарсыластармен арадағы уақыт айырмашылығын қысқартуға мүмкіндік бар»,- деді Фофонов.
Жалпы есеп нәтижесі:
1 FROOME, Christopher (SKY) 77:55:53
2 MOLLEMA, Bauke (TFS) + 3:52
3 YATES, Adam (OBE) + 4:16
4 QUINTANA ROJAS, Nairo (MOV) + 4:37
5 BARDET, Romain (ALM) + 4:57
6 PORTE, Richie (BMC) + 5:00
7 ARU, Fabio (AST) + 6:08.
Бүгін велошабандоздар бірінші санатқа жатқызылған екі тауды бағындырады. Мәре нүктесі теңіз деңгейінен 1372 км биіктікте орналасқан. Жарыстың жалпы қашықтығы - 146 шақырым.