Тур де Франс: Астана велошабандозы жалпы есептегі бірінші орнын сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» көпкүндiгiнiң төртiншi кезеңiнде Giant-Shimano командасының велошабандозы Марцель Киттель жеңiске жеттi.
Ресейдiң «Катюша» велоклубының мүшесi норвегиялық Александр Кристоф мәреге екiншi келсе, француз Арно Демар (FDJ клубы) үздiк үштiктi түйiндедi.
Жалпы есепте қазақстандық «Астана»командасының капитаны итальяндық Винченцо Нибали көш бастауда. Одан 2 секундқа қалып келе жатқан словакиялық Петер Саган екiншi, швейцариялық Михаэль Альбасини (Orica-Greenedge) үшiншi келедi.
«Тур де Франс» 4-шi кезең
Ле-Туке-Пари-Плаж - Лилль , 163.5 шақырым
1. Киттель (Германия, Giant-Shimano) - 3:36.39 2. КРИСТОФФ (Норвегия, "КАТЮША")- сол уақыт 3. Демар (Франция/FDJ.fr) 4. П.Саган (Словакия, Cannondale) 5. Кукар (Франция, Europcar)