«Тур де Франс» көпкүндігінің 17-нші кезеңі: «Астаналық» Контадор көшбасшылық сары жейдені сақтап қалды

АСТАНА.  Шілденің 23-і.  ҚазАқпарат -  Saxo Bank командасының    мүшесі   люксембургтық   Фрэнк  Шлек    «Тур де Франс»   көпкүндігінің  17-нші  кезеңінің    жеңімпазы атанды.

«Тур  де Франс»  көпкүндігінің  17-нші  кезеңі:  «Астаналық»  Контадор  көшбасшылық  сары жейдені сақтап  қалды

Велошабандоздар   кеше Бурж-Сен Мористен  Ле Гран-Борнан  қаласына  дейінгі  170 шақырымды бағындырды,   деп хабарлайды  ҚазАқпарат Eurosport  сайтына сілтеме  жасап.

Екінші  болып сөре сызығын   Astana  командасының өкілі Альберто  Контадор  (Испания) кесті.  Ал  үштікті    Фрэнк Шлектің   інісі  және  командадағы серіктесі -Энди Шлек  түйіндеді.

Бас жіктелімде көш бастап   тұрған Альберто Контадор (Astana) сары  жейдені сақтап  қалды.   Ал  ағайынды Энди және  Фрэнк Шлектер     бұл  жіктелімде екінші  және үшінші  орындарға табан тіреді.