«Тур де Франста» алған жарақатыма қарамастан, Италияның «Ломбардия турына» қатысамын - А.Винокуров

ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров «Тур де Франс» жарысында алған жарақатына қарамастан, Италияның «Ломбардия турына» қатысатындығын мәлімдеді.
None
None

«Әрине, «тур де Франста» алған жарақатымды ескеретін болсақ, «Ломбардия турына» қатыспау туралы мәселе көтерілген. Бұл мәселе әлі де өз күшін жойған жоқ. Жарыстың басталуына бір апта қалған кезде мен, ең бірінші, өз дайындығымды байқап көремін. Әрине, ол жарыста жеңіс туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Біз оның бәрін түсінеміз», - дейді А.Винокуров.

Естеріңізде болса, А.Винокуров «Тур де Франстың» тоғызыншы кезеңінде құлап, оң жақ жаңбасын сындырып алған болатын.

Соңғы жаңалықтар