«Тур де л'Авенир» көпкүндігінде қазақстандық велошабандоз он бірінші орын алды
АЛМАТЫ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Францияда велоспорттан «Тур де л'Авенир» көпкүндігінің ақтық 6-ыншы кезеңін Алексей Луценко алтыншы боп аяқтады.
Бұған дейін ол 5-інші кезеңде мәре сызығын бітрінші боп кесіп өткен болатын. Жарыстың жалпы қорытындысында ол 18:36:07 уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанған франциялық Уаррен Варгуилден 1,09 минут артта қалып 11-інші орныды қанағат тұтты. Ал оның командалас достарынан Даниил Фоминых - 20, Әбдірайымжан Ишанов - 40, Владислав Горбунов - 47, Никита Өмірбеков - 49, Арман Қамышев - 52 орын алды.